Мәдениет

Қарашаның 10-ы – Мұстафа Ататүрікті еске алу күні

 

 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Ататүрікті жыл сайын еске алып отырады. Қарашаның 10-ы қазалы күн,  дәл осы күні  Түркия елінің салиқалы саясаткері көз жұмған екен. Ататүрік тарихта тек Түркияның алғашқы Президенті ретінде ғана емес, ғалым, философ, көреген саясаткер ретінде қалды. Ол Түркияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаңа сатыға көтерді. Мәдениеті мен тілін дамытуға, тәуелсізідігін сақтауға еңбектенді.

Идрис Картал, “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасы:
-Бүгінгі кездесуде Ататүріктің түрік халқына, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына қандай еңбек сіңіргені айтылады. Біз бұл тұлғаларды бекер таңдап алған жоқпыз. Себебі екі Президент те елін дамыту жолында бірталай сыннан өтті.

Екі бірдей кемел саясаткердің өмір жолын талқылауға СҚМУ тарих және құқық факультетінің студенттері де қатысты. Олардың айтуынша, біздің ел мен Түркияның даму жолы өте ұқсас.

Рамиль Абуов,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Ататүрік пен Нұрсұлтан Назарбаев салиқалы саясаткер болып табылады. Олар елін дамытуда мол еңбек етті. Бүгін мен өз президентіміздің 1992 жылдан бастап атқарған жұмыстары жайлы айтатын боламын.

Халық – ұлт көшбасшысының елге сіңірген еңбегін білуі керек. Осыны ескерген ұйымдастырушылар мұндай шараның маңызы зор дейді.

Гүлден Төлеген