Орман – ел байлығы

Ауыл шаруашылығы

16:14 10 Қараша 2011

Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері бағындарған белестері молынан. Бұл уақытта орман шаруашылығы саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алды. 2005 жылдан бастап «Жасыл ел » бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аймағымызда 20 жыл ішінде жалпы аумағы 15 мың га астам жерге жасыл желек отырғызылды. Орман шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Елбасы экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда сіздердің үлестеріңіз өте зор. Тәуелсіздік жылдары осы салада бірқатар істер қолға алынды. Материалдық-техникалық база нығаюда, орманды өрттен қорғау тиімді атқарылып отыр.

Орман  – табиғаттың адамзатқа тартқан ерекше сыйы, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен экологиялық қауіпсіздігін сақтаудың кепілі. Ұзақ жылғы адал еңбегі және орман қорын сақтауға қосқан зор үлесі үшін бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары да өз иелерін тапты. Сәбит Төребековтың бұл салада қызмет еткеніне 30 жылға жуық уақыт болыпты. Ол еңбегінің бағаланып, марапатқа ие болғанына қуанышты.

Сәбит Төребеков, «Сергеевка мемлекеттік орман мекемесі» ММ директорының орынбасары:
– Орман шаруашылығы біздің облысты көп шаруалар атқарып жатыр. Мен орман шаруашылығында 26 жыл жұмыс істеп жатырмын. Бір жерде. Сергеев орман мекемесінде.

Салтанатты жиында облыстағы орман мекемелерінің жұмысы да бағаланды. Өртке қарсы қызмет, орман шаруашылығы саласындағы олқылықтарды дер кезінде аңғару, техникалық құжаттарды ресімдеу. Осы талаптар бойынша сынға түскен мекемелердің арасында Ғ.Мүсірепов ауданының «Ақан сері мемлекеттік орман мекемесі» бірінші орынға лайық деп табылды.

Өмірсерік Қаратаев, «Ақан сері мемлекеттік орман мекемесі» ММ директоры:
– Бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз. Еңбегіміздің бағаланғанының белгісі. Облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз.

Жалпы аумағының 4 пайызын ғана орман алқаптары алып жатқан солтүстік өңір үшін жасыл желекті қорғау – жауапты міндет. Алайда орман ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және көркейту тек орманшылардың ғана емес, барша тұрғындардың ортақ ісі екені сөзсіз.

Инеш Шоқақова

Бұдан әрі оқыңыз

Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген
Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Орақ науқаны аяқталуға жақын
Күзгі көкөніс жинау жұмыстары