Білім

Білімді тұлға қалай қалыптасады

 

Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Осы қағиданы ұстанған қалалық №1 жалпы білім беретін лицей мұғалімдері семинарда бас қосты. Өз ойларымен бөлісіп, алдағы жоспарларын айқындады.

Елена Пашуткина, қалалық №1 жалпы білім беретін лицейдің тарих пәнінің мұғалімі:
-Қоғамға өз біліктілігін әрі қарай жалғастырып әкете алатын түлектер қажет. Туындаған мәселелерді өз бетімен шеше алатындай болу керек. Бүгінгі шараның өте маңызды екенін атап өткім келеді.

Сондай-ақ жиында білім беру ісінің сапасын жақсарту, тәрбиелі әрі білімді тұлғаны қалыптастыру мәселелері де қызу талқыға түсті.

Ольга Тушинская, СҚО мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі:
-Бүгінгі күні білім беру ортасын қалыптастырудың маңызы зор. Лицей осы жолда үнемі жұмыстар атқарып келеді. Және мұндай семинар биыл бірінші рет өткізіліп отырған жоқ.

Семинар барысында мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты анықтаудың тиімді әдістері қарастырылды. Бұл ретте түрлі авторлардың еңбектері жан-жақты талқыланып,  ойлар ортаға салынды