ТКШ

Жер кодексіне өзгертулер енгізілді

 

Әрбір қазақстандық азамат жеке тұрғын үй салу үшін 10 сотық жер алуға құқылы. Тегін жер телімін республиканың кез-келген аймағынан алуға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік азаматтарға бір рет қана беріледі.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
– Ол үшін әкім атына арыз жазылады. Оған қоса жеке куәлік пен РНН көшірмесі басқа еш құжат керек жоқ. Сол түскен арыздар арнайы тізімге алынады. Жер дайын болғасын арыздары қанағаттандырылады.

Бұл мемлекеттік бағдарлама 1995 жылдан жүзеге асырылып келеді. Оның мүмкіндігін пайдаланып үлгергендердің көбі жер телімін алған мақсаттарына қолданбайтын көрінеді. Баспана тұрғызуға бағытталған 10 сотық қайтарымсыз аумақ алыпсатарлардың пайда көзіне айналып жатады екен. Үстіміздегі жылды жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіліпті.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
– 50-ші бабында нақты енгізілген өзгерістер бұл жеке тұрғын үй салу үшін жеке меншікке берілетін жерлер уақытша пайдалануға беріледі. Жер кодексінің 94-ші бабына сәйкес бұл жерлер 2 жыл бойы мақсатымен пайдаланылмаса, онда ол мемлекеттің меншігіне қайтарылуы керек.

Енді бұдан былай тіпті айналасын қоршап тасы құйылып қойылғанның өзінде жер игерілмеген болып саналады.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
-Үкіметтің қаулысы дайындалып жатыр. Берілген жерге үй салынып, тіркелгеннен кейін жер игерілді деп жеке меншікке қайтарымсыз тегін беріледі. Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін заң күшіне енеді.  

Бүгінде өңір тұрғындарынан 3 700 арыз түскен. Кезекте тұрған жерлестеріміз Береке ауданында жер үй тұрғыза алады. Сонымен қатар Шығыс ауданындағы 20 Га жер де халық игілігіне берілмек.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
-Онда 8 үй салына бастаған болатын. Қазір құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан біз оны мемлекет игілігіне қайтару үшін іс-әрекет жасап жатырмыз. Одан да 1700 адам жермен қанағаттандырылады.  

Солнечный кентіне деген сұраныс үлкен болуы мүмкін дейді мамандар. Ол аумақта бағдарлама аясында 345 Га жер қарастырылған. Қазір онда инженерлік, коммуналдық желілерді тарту үшін сметалық жоба құрылып жатыр.

Жеңіс Ермұқанов