Балалар

Студенттер диқандарға көмектесті

Биыл облысымыздағы бітік шыққан егінді жинап алуға қаламыздың бірқатар білім ордаларынан студенттер тартылған болатын. Олар бір ай көлемінде егін алқаптарында болып, алтын дәнді ысырапсыз жинауға өз үлестерін қосты. Оның қатарында 80 жылдық тарихы бар гуманитарлық-

техникалық колледж студенттері де бар.

Александр Мерк, гуманитарлық – техникалық колледж директоры:

-Биылғы астықтың сапасы өте жоғары болды. Ал, оны уақытылы жинап алуда бірқатар қиындықтар туындаған болатын. Сондықтан біз өзіміздің шәкірттерімізді де маңызды науқанға жіберуді ұйғарған болатынбыз.Студенттер облысымыздың әр ауданына жіберіліп, айтарлықтай көмек көрсетіп қайтты.

Егін ору науқанына білім ордасының 60-қа тарта студенті араласты. Техник-механик мамандығы бойынша тәлім алып жатқан шәкірттер комбайнер жүргізушілерінің көмекшілері болып қызмет етті. Сондай – ақ өндірістік тәжірибе алып қайтты. Солардың бірі – Ырысбек Байдуллаев.

Ырысбек Байдуллаев, гуманитарлық – техникалық колледж студенті:

-Біз аз да болса, өзіміздің үлесімізді қосуға тырыстық.Жасаған ісімізді мақтан тұтамыз.

Маңызды науқанға қатысып, өз үлестерін қосқан студенттерге дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Жандос Наурызбаев