Спорт

“Мен спортты таңдаймын!”

Дәстүрлі спорт фестиваліне қатысуға бұл жолы «Балдырған», «Көктем», «Ровесник» және «Юность» клубтары ниет білдірген. Сайыстың мақсаты спорт майталмандарын айқындау ғана емес. Сондай-ақ жастарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бұқаралық спортқа тарту, дейді ұйымдастырушылар.

Галина Басалаева, ұйымдастырушы:

 

-Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық шарамызды Ел тәуелсіздігінінің 20 жылдығына арнап отырмыз. Командалар зор ықыласпен қатысуда. Осы сынды жарыстар арқылы жеткіншектердің спортқа деген ынталары артады. Сондай-ақ өзара достастық қарым-қатынас орнатуға септеседі.

Жарысқа әр команда жеті спортшыдан әкелген. Жеткіншектер көңілді старт, каратэ, семсерлесу, доппен жүгіру сынды спорттың 10 түрі бойынша өз күштерін сынауда. Аталмыш сайысқа қатысып жатқан 8-9 сынып оқушылары салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа бет бұруды мақсат етіп алған.

Айдар Кушегалдин, «Балдырған» клубының мүшесі:

-Бұл ойын маған өте қатты әсер етті: көңіліміне, қуанышыма, денсаулығыма. Бүгінгі жарыста бірінші орын алуға тырысамыз.

Наталья Лисунова, “Көктем” клубының мүшесі:

 -Маған осы сынды жарыстар ұнайды. Бастысы жеңіс емес, қатысу деп ойлаймын.

Жалпы ұпай санымен “Юность” клубы бірінші орынға қол жеткізді. “Балдырған” тобы күмісті еншілесе, үштікті “Ровесник” құрамасы түйіндеді. Барлық қатысушыларға дипломдар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Жандос Наурызбаев