Салық басқармасы

“Чек талап ет – патриот бол”

 

Бұл акцияға жалпы білім беру мекемелерінің 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі оқушылары ғана қатыса алады. Байқау бойынша үміткерлер көп көлемде чек жинап шығуы керек. Жарыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші тур аудан көлемінде ұйымдастырылса, келесі сайыс облыс мектептерінің оқушылары арасында өтпек. Қоржынында ең көп чегі барлар кейін Астанада болатын республикалық жарысқа аттанбақ. Жеңімпаздар міндетті түрде бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мәселен, І орын иегері Астанада дем алуға  жолдама алса, ІІ сатыға тұрақтағандар компьютер еншілемек. Үздік үштікті қорытындылағандарға спорттық жабдықтар табысталатын болады.

Жібек Күлікова, СҚО салық департаментінің бас маманы:
-Акция бірінші рет өткізілуде. Ол өсіп келе жатқан жеткіншектер арасында салықтық білімді, мәдениетті арттыруға, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған. Оқушылардың белсенді қатысуы республиканың барлық тұрғындарын акцияға тартады.

Балалар акция басталысымен дереу чек жинауға кірісіп кетті. Олар өз еңбегімізбен елордаға барып қайтсақ дейді.

-Мен чек жинайтын боламын. Бірінші орын аламын.
-Мен бұл акцияға өз сыныбыммен міндетті түрде қатысамын. Жеңіске жетеміз деп үміттенемін.
-Меніңше балаларды кішкентайынан чек жинауға үйрету керек. Мұндай шаралар оларға өскенде көп көмек болмақ.

Республикалық акция желтоқсанның 1-не дейін жалғаспақ. Сонымен қатар байқаудың қорытынды кезеңінде “Ең белсенді ауыл мектебі” аталымының иегері де анықталатын болады.

Гүлден Төлеген