Құқық қорғау органдары

«Көршілер бақылауы» Тайынша мен Бескөлде

 

Тайынша қаласында «Көршілер бақылауы» бағдарламасының жұмысы салтанатты түрде ашылып, арнайы акция ұйымдастырылды.

Абай Тастеміров, Тайынша АІІБ бастығы:

-«Көршілер бақылауы» бағдарламасының жүзеге асуы, нақты табыстарға жетуі тұрғындар мен полицейлер арасында ақпарат алмасуға, тығыз қарым-қатынасқа байланысты. Оның басты мақсаты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» ХДП өкілдері, ардагерлер, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

Анатолий Рафальский, Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері:
-«Көршілер бақылауы» акциясының бар болғанына өте қуаныштымын. Бұл акция полицейлер үшін ғана емес, қарапайым халық үшін де өте маңызды. Бағдарлама біздің қауіпсіздігімізді сақтауға сеп болмақ.

Акция барысында үздік полиция қызметкерлері марапатқа ие болды.Сонымен қатар «Спутник-Тайынша» жеке күзет агенттігінің күзетшілеріне полицияның еркін көмекшісі куәліктері табыс етілді. Кейін акцияға қатысушылар аудандық ішкі істер бөлімінде орналасқан  «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сараптамалық орталығын аралады. Дәл осындай шара Бескөл ауылында да өткізілді.

Қайрат Мейрамов, Қызылжар АІІБ бастығының орынбасары:
-Соколовка селосының тұрғыны село ішінде жүрген белгісіз ер адамды байқап, оны тексеріп өту үшін учаскелік инспекторға хабарлаған. Тексеру барысында бұл адамның кісі өлтіргені үшін мемлекет аралық іздеуде жүргендігі анықталды.

«Көршілер бақылауы» бағдарламасын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында солтүстікқазақстандықтар арасында насихаттау жұмысы облысымыздың барлық аудандарында өткізілмек.

Инеш Шоқақова