Спорт

Жамбыл Тасеменовтың құрметіне балуандар турнирі

 

 

 

Грек-рим күресінен өңір құрамасының жетістіктері аз емес. Алайда мұнымен тоқтамай, ел намысын қорғайтын палуандарды әрі қарай дайындау қажет. 7-ші қалааралық турнир үлкен жеңістердің бастамасы болмақ.

Бауыржан Құлжанов,  СҚО күрес федерациясының президенті:
-Жамбыл Тасеменовтың құрметіне ұйымдастырып жатырмыз. Балалардың дәрежелерін арттыру үшін. Үлкен жарыстарға жаттықтыру үшін. Жамбыл ағамыз көп спортшыларды дайындап шығарды.

Барлығы турнирге облыс аудандары, Астана қаласы,  Ақмола, Қарағанды облыстары, көршілес Ресейдің Омбы, Қорған қалаларынан 150 палуан жиналған.  
 
– Тасеменов жарысы осымен 7-рет өткізіліп жатыр. Мен екінші рет қатысып жатырмын. Өте маңызды. Жеңу үшін көп жаттығу керек, тренерді тыңдау керек.
– Үйренесің, талпынасың, өзіңді мықты қылады жарыстар.
– Мақсатым жеңіске жету, олимпиада чемпионы болу.
 
Жас палуандарға үлкен жеңістерге жол ашар жарыс облыстың құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменовтың құрметіне ұйымдастырылған. Спорт қайраткерінің жетістіктерін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілген турнирдің ашылу салатанатына облыс әкімі қатысты.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Мемлекет басшысы дене шынықтыру, спортты дамытуды алға қойған болатын. Бүгінгі спорт мерекесі осының айғағы, құтты болсын!

Жамбыл Тасеменов өмірлік ұстанымына айналған бапкерлікті әлі де жалғай беретінін айтады. Құрметті еңбек демалысына шықса да жерлесіміз ұлттық спорт түрлері мектебінде жас балуандарды жаттықтырып жүр.

Жамбыл Тасеменов, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт шебері:
-Бұл турнир ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына өткізіліп жатыр. Және менің құрметіме. Жігіттер рұқсат сұрағанда, мен бұл балалар үшін өткізіп жатырмын дедім. Облыста жақсы спортшылар бар. Оларды әрі қарай шыңдап дайындау қажет. Осындай шаралар арқылы.

Мират Қуандық Жамбыл ағасының жолын қууды мақсат етеді. Және алда биік белестерден көрінетініне сенімді. Ақжар ауданының намысын қорғаған палуан алғашқы кездесуде Ақмола облысынан келген қарсыласын жеңді.  

Мират Қуандық, турнирге қатысушы:
– Жақсы қаласынан қарсыласым. Жеңу өте қиын болды, бұған дейін одан жығылғанмын. Енді есемді қайтару керек.

Жарыс қорытындысы бойынша 10 салмақ дәрежесіне сәйкес жеңімпаздар анықталды. Үздік атанғандардың барлығы солтүстікқазақстандықтар. Олар алдағы жарыстарда өңір намысын қорғамақ.

Гүлмира Шоқтыбаева