Мәдениет

Қазақ театрында – премьера

 

 

Пьеса бір актіден тұрады. Қойылымның негізгі ойын ашатын, шығарманың эпиграфы ретінде он бесінші ғасырда өмір сүрген голландиялық суретші Питер Брейгелдің “Соқыр туралы аңыз” деген картинасы алынған. Олег Богаевтың “Ылдиға жол” пьесасында қарама-қайшылық, психологиялық тартыс, түйсік пен талғам таразыланады. Қандай таңдау мен талдау жасайтыны әрбір көрерменнің өзіне ғана аян.

Болат Әбдірахманов, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының режиссері:

-Бұл спектакль қазіргі заманға сай.Бүгінгі күнгі

 проблемаларды көтереді. Өте қызық.Актуалды.

Қойылымның негізгі оқиғасы ұзын жолдың үстінде өтеді. Көлікпен келе жатқан жөзекше әйел мен оның көңілдесі абайсызда бейтаныс біреуді соғып кетеді. Содан жолаушылардың арасындағы «Неге соқтың?», «Сен кінәлісің?» деген диалогтың астарында өмірге деген көзқарастары көріне бастайды. Осы арада кездескен  өмірде тек ішімдік пен ұрлықты білетін екі ер адам, медбике мен дәрігер, пірәдар, т.б. жолда жатқан бейтаныс жанға тап болады. Барлығы ,оған көмектесу керектігін айтқандарымен, ешкім жедел жәрдем шақырмайды. Режиссер осы қойылым арқылы көрерменге ой тастайды. Пендешіліктің құрбанына айналып, адамшылықты ұмытпау керектігін ескертеді.

– Осы театрға шын көңіліммен келіп қарадым. Көңілімнен шықты.
-Маған бұл премьера қатты ұнады. Жастарға берер тәлім-тәрбиесі зор.

Жұмбағы көп бұл туынды қызылжарлықтарды да ойландырып тастады.

Жандос Наурызбаев