Білім

«Жас дарын» мектебінің мерейтойы

 
Мұнда ән, күй, би, тіпті сурет салу қабілеті бар жеткіншектердің өнерлерін дамыту үшін зор мүмкіндік жасалған. «Жас дарын» мектебінде бүгінде болашығынан үміт күттіретін 320 жеткіншек тәрбиеленуде. Мектептің алға қойған мақсаттары ұлан-ғайыр.

Самат Біләлов,  «Жас дарын» мектебінің директоры:
-Бұған дейінгі жылдары мектепте “Жас музыкант” республикалық байқауына қатысып, лауреат атанғандар бар. Қазақстанның “ЮНЕСКО” қауымдастығы клубына мүше болу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта біз сол ұйымға мүшелікке өтуге кандидатпыз.

Өнерге бейім жастар көп. Олардың дарынын ашу үшін кәсіби орта керек. Осыны ескерген мектеп ұжымы тәрбиеленушілер қатарын 600-ге дейін ұлғайту мақсатын алға қойған. Жақында мұнда қобыз үйірмесі құрылды. Мадина Жакина жастарға көне аспаптың қыры мен сырын үйретіп жүр.

Мадина Жакина, «Жас дарын» мектебінің оқытушысы:
-Мен осы мектепте биыл бірінші жыл жұмыс істеп жатырмын. Бұл мектепте қобыз сыныбы биыл бірінші рет ашылып отыр. Өз ұжымымды мектептің туған күнімен құттықтаймын. Тілейтінім творчестволық табыс, мектеп өркендеп, дарынды балалар көптеп келіп, жақсы деңгей көрсетейік.

Мерекелік концертке өз өнерлерімен тарту жасаған «Жас дарын» шәкірттерінің  ұстаздарына алғысы шексіз.

– Мен өз мектебімді туған күнімен құттықтаймын Ұстаздарыма шығармашылық табыс тілеймін
– Мектепте көп және әр түрлі конкурстар болады. Біз оларға қатысамыз. Көп грамоталар аламыз. Маған осы мектеп өте ұнайды және оны шын жүректен туған күнімен құттықтаймын.