Әр түрлі

Коммунистер көсемді еске алды

 

 

 

Осыдан тура 94 жыл бұрын қазан төңкерісінен соң дәл осы күні патшалық биліктің орнын Жұмысшылар кеңесі басты. Владимир Илич Ленин бастаған большевиктер тобы социолистік коғамда 74 жыл билік басында болған коммунистік партияны құрған болатын. Партия мүшелері тарихи оқиғаны еске алу үшін орталық саябақта тұрғызылған Ленин ескерткішінің маңына жиналды.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
-Тарих үшін қысқа уақыт болғанымен коммунистік партия өз заманында шежіреде алтын әріптермен жазылған ауқымды істер атқарды. Отанын баса көктеп кірген жаудан қорғады.  Соғыстан кейін күйреген экономиканы көтеріп,  Кеңес үкіметі өзгеге үлгі болатындай дәрежеге көтерілді.

Облысымызда 7 жыл бұрын құрылған Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының белсенді мүшелері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Кейін ғылыми-техникалық кітапханада бас қосқан саяси ұйым өкілдері өткенге үңіліп қана қоймай, алдағы жоспарларын талқылады. Республика бойынша партия құрамында 81 500 адам тіркелген,оның 5 385-і солтүстікқазақстандықтар. Қазіргі уақытта өңіріміздің 10 ауданында саяси ұйымның филиалдары жұмыс істейді.

Жеңіс Ермұқанов