Әр түрлі

Қаржы полицейлері мен кәсіпкерлердің кездесуі

 

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың арасында туындайтын мәселелер сан алуан. Ал мұндай кездесулерде олар ортақ мәселелерді шешіп, толғандырған сұрақтарын қою мүмкіндігіние ие болады. Сондықтан өз кәсібін өрге домалатуға бел буған шағын және орта бизнес өкілдері бұл жиыннан шет қалмады.

Елена Виссарова, “Атамекен Одағы” Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы СҚОФ директоры:
– Кәсіпкерлерде мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға байланысты көп сауалдар туындайды. Сонымен қатар шалғай аймақтардағы шағын бизнес субъектілеріне қолдау жасау үшін мұндай кездесулер қажет деп санаймын.

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Алайда бұл тұста әлі де шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Кәсіпкерлер көп жағдайда мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінгеннен гөрі маңызды мәселелерді өздігінен шешуге бейім көрінеді.

Нұрлан Жахин, ЭҚСЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:
– Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің ,мемлекеттік органдардың, қаржы полицейлерінің қызметіне сенімін арттыру үшін өткізілуде. Сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Биыл кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу бойынша 10 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде пара алу, қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану фактілері де бар. Мұндай жиын осындай олқылықтарды жоюға сеп болмақ.

 Инеш Шоқақова