Әр түрлі

Зейнеткер департаментпен соттасты

 
 

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Балашов  ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 1969 жылы өнідірістік жарақат алып, күзетші қызметіне ауыстырылды. Араға бірнеше жыл салып, ардагер зейнет демалысына шыққан. 2003 жылғы Үкімет қаулысына сәйкес қарттардың зейнетақысы артқан болатын. Бірақ  Петр Балашов  зейнетақысының дұрыс есептемегендігін алға тартуда. Осыған байланысты соғыс ардагері жергілікті зейнетақы төлеу орталығына да барған. Міне, 8 жылдан астам уақыт қария ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігімен хат алысып келеді. Бірақ министрліктен келетін хаттардың мазмұны бірдей :
«Зейнетақының қосылуы зейнеткердің еңбек өтіліне, соңғы уақытта қызмет еткен саласына байланысты белгіленді. » Бүгін Петр Балашовтың өтініші сотта қаралып жатыр  Зейнетақы мөлшерін белгілеу кезінде ардагердің соңғы уақытта қызмет атқарған саласы да назарға алынды дейді  жауап беруші.

Алма Мұсалімова,  СҚО әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің  бөлім бастығы:  

-Зейнетақы қызмет істеген саладан алынған анықтамаға сәйкес есептелуде. Сондықтан біздің тарапымыздан ешқандай заң бұзушылық жіберілген жоқ. Барлығы талапқа сай жүргізілді.

Бірақ  Петр Балашов мемлекет маған қарыз дейді. Берешек оның ойынша 8 жылда   329 мың теңгеге жеткен. Сондай – ақ талапкер моральдық зардаптың орнын толтыруды да сұрап отыр.

Петр Балашов:
-Құрметті сот! Маған келтірілген моральдық нұқсан үшін қалалық төлем орталығы  – 850 мың, республикалық орталық  – 700 мың және облыстық төлем орталығы 300 мың теңге төлегенін қалаймын.

Сот екі жақты тыңдап, Петр Балашовтың өтінішін қанағаттандырмады.

Жандос Наурызбаев