Балалар

Студенттерге дін туралы дәріс

 

 

Жастарды діни ұйымдардың жұмысымен таныстыру және бұл мәселеде сауатты өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Кездесудің негізгі мақсаты осы. Өйткені дін жөнінде  ақпараты жоқ жастар түрлі ағымдардың ықпалына   бейім келетін көрінеді.

Максим Доценко, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Кейбір жастар түрлі діни ағымдардың жұмысынан бейхабар. Сондықтан мұндай ақпаратттық жұмыстардың маңыздылығы жоғары. Кездесуде дәстүрлі діни ұйымдармен қатар қоғам үшін қауіп төндіретін діни ағымдар туралы да хабардар етпекпіз.

Дәрісті студенттер зор қызығушылықпен тыңдауда. Өйткені бұл дін мәселесіне байланысты туындайтын сауалдарға жауап алып, сауаттылықты арттыру үшін үлкен мүмкіндік.

Ғазиз Құсбеков, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:
– Мысалы, басқа елдерде дінге байланысты қарама-қайшы пікірлер орын алып жатыр. Сондай жағдайлар болмас үшін мұндай кездесулерді ұйымдастыру өте маңызды деп ойлаймын.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде діни сауаттылық тақырыбына арналған сынып сағаттары жиі ұйымдастырылады. Бұл тұста қолға алынған өзге де шаралар баршылық.

Гүлжан Нұрмағамбетова, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің мұғалімі:
– Бізде жастардың діни сауатттылығын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Дәрістер оқылып, түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Мұның студенттер үшін пайдасы зор деп ойлаймын.

Алдағы уақытта мұндай кездесулерді өзге де оқу орындарының тәрбиеленушілерімен өткізу жоспарланып отыр.

Инеш Шоқақова