Бизнес және экономика

Еңбекпен қамту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

 

 

Қарашаш Жұмағалиеваның жұмысы таңғы 8 жарымда басталады. Ол үш ай бұрын еңбекпен қамту бағдарламасының арқасында осы зауытқа жұмысқа тұрыпты. Қазір қозғалтқыштардың гүрілдеген дыбысын басуға қажетті оқшаулағыш миканит әзірлейтін цехта желімші қызметін атқарады. Аталмыш бағдарламаның арқасында осы цехта еңбек етуге Қарашаш Жұмағалиевамен бірге тағы 9 адам келіпті. Бағдарлама аясында зауытқа барлығы екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 13 адам жұмысқа тұрған екен.

Әлфия Ережепова, “Изолит” ЖШС қызметкері:
-Бұл өте орынды бағдарлама. Қанша адам жұмыссыз отыр. Табысты еңбек етуге бар жағдайлар жасалған. Жалақысы да жаман емес.

Бүгінде “Изолит” серіктестігі облысымызда қарқынды дамып келетін кәсіпорындардың қатарында. Жыл сайын өндіріс көлемі мен өнім сапасы артуда. Сондықтан жаңа жұмыс күші қашан да артық болмайды.

Татьяна Кошкарова, “Изолит” ЖШС өндіріс бастығы: -Бізде жұмыс күші жеткіліксіз болды. Сондықтан ұсыныс жасап, қолдау таптық. Алдымен өзіміз оқытып алдық. Тәжірибелі қызметкерлердің көмегімен тез үйреніп кетті. Екеуінің тіпті қызмет дәрежесі өсіп үлгерді. Байқау өткізген болатынбыз. Оның қорытындысы бойынша Қарлығаш Жұмағалиева үздік желімші атанды.

Зауыттықтар биылдан озық үлгідегі станоктарда жұмыс істей бастады. Шетелдік құрылғылар жұмысшылардың еңбегін әлдеқайда жеңілдеткен.

Жеңіс Ермұқанов