Мәдениет

Борис Петровты еске алу кеші

Борис Петровтың шығармашылық ізденісі балаларының бойында да әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятыпты. Валентина Петрова өзінің қай салада еңбек ететінін жастайынан біліпті. Екі қызы да жазушының жолын қуып, тіл саласы мамандығын игерген.

Валентина Петрова, жазушы Борис Петровтың қызы:
– Ол адамдардың бойында өзгелерге көрінбейтін қасиеттерді аңғара білетін. Сондықтан шығармалары да оқырман үшін ыстық болды деп ойлаймын. «Листопад» повесінде тың игеру кезіндегі халықтың тұрмысы бейнеленген. Жазушы туындыларының негізгі қаһармандары – қарапайым халық болды.

Жерлес жазушы жарты ғасыр ғана ғұмыр кешсе де, артында ондаған құнды туындылары қалған. Оның «Листопад», «Ақсуаттың оттары» «Живое слово» туындылары оқырманның жүрегіне бірден жол тапты. Ал «Әскери проза» жинағы жазушының соңғы кітабы. Оны Борис Петровтың балалары шығарып, жазушының әскери тақырыптағы еңбектерін топтастырған.

Ирина Матвеева,  облыстық мұражай бірлестігінің ғылыми қызметкері:
– Мұражайдың қорында жазушының «Ақсуат оттары» туындысының қолжазбалары бар. Отбасылық фотосуреттері мен шығармашылық жинақтары сақталған. Олардың тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын.

Инеш Шоқақова