Спорт

Солтүстікқазақстандық балуандардың қола жүлдесі



 

Ұлттық спорттың белбеу күресінен өткен аталмыш чемпионатқа барлығы 10 команда қатысқан. Облыс намысын байрақты бәсекеде 6 палуаннан құралған құрама қорғады. Бапкердің айтуына қарағанда, қазір Астана және Павлодар қалалары командаларының тегеуріндері мықты екен. Араларында әлемдік додалардың жүлдегерлері бар бұл құрамалар әзірге қарсыластарына дес беретін емес. Сондықтан жерлестеріміз жалпыкомандалық есеп бойынша 3 орынға табан тіреді.

Уәлихан Дәуленбеков, БЖҰСМ белбеу күресінің аға жаттықтырушысы:

-Чемпионатта Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының құрамаларымен кездесу өткізіп, жеңіске жеттік. Тек ақтық сында павлодарлықтарға есе жіберіп қойдық. Ересектер арасында қашаннан бәсеке жоғары болғандықтан, барлығының дайындықтары күшті болатыны анық қой. Десе де нәтижесінде үшінші орынға іліктік.

Облыс құрамасында өнер көрсеткен палуанның бірі – Дәурен Нұрғожин. Оның бұл спорт түріне ден қойғанына 8 жыл болған екен. Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының кубогында 75 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып үшінші орынға қол жеткізді.

Дәурен Нұрғожин, қола жүлде иегері:

-Бабым да, бағым да шауып кетті. ҚР кубогында қола жүлдеге ие болдым. Қарсыластар мықты болды барлығы. Ұту қиын болды.Бірақ, жеңіске жеттім.

Бүгінде Дәурен Нұрғожин ұлттық құраманың сапына қосылу мүмкіндігіне ие болды. Енді, ол қарашаның 16 – 17 күндері Уфа қаласында өтетін әлемдік чемпионатта ел намысын қорғамақ.

Жандос Наурызбаев