Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясы 9 айды қорытындылады

341 қаржылық қылмыстың барлығы үстіміздегі жылдың  9 айында ғана жасалған. Бұның ішінде 258 қылмыс мемлекетке аса үлкен шығын әкелген.

Рақымжан Ересов, СҚО экономикалық қылмыс және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:
-Қылмыстық іс қорытындысы бойынша залал мөлшері 9,5 млрд. теңгені құрап отыр. Ал оның 7,4 млрд. теңгесі қайтрылды.

 

 

Жақында Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сот ісі аяқталған еді. Ол кәсіпкерлік бөлімінің бастығы лауазымын бүркену арқылы бюджет қаражатын қымқырып жүрген.

Рақымжан Ересов, СҚО экономикалық қылмыс және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:
-Қылмыскер автокөлікті жалға алу туралы бірнеше жалған келісімдерге тұрған. Ал ол шарт бір серіктестіктің өрт сөндірушісімен жасалса керек. Атап өтетіні, күдіктінің сыбайласы оның жиені болып шықты. Олар осындай алаяқтық жолмен 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты қалталарына салып үлгерген.

Соколов мемлекеттік мекемесінің директоры да 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол жылқыларды ауру деп шешім шығарып, союға бұйрық берген. Ал тапсырылған еттің ақшасын Қызылжар ауданының бюджетіне салмаса керек. Әйтеуір, 296 мың теңгенің орны бос қалған. Ал тағы бір жедел түсірілім ЕС 164/9 түзету мекемесі бастығының пара алып жатқан жерінде жасалыпты. Оған мұндай қомақты көлемдегі ақшалай сыйлықты   жазасын өтеуші Никитин деген беріпті. Темір тордың ар жағындағы тұлға осылайша бостандыққа ертерек шыққысы келген.

Айдос Жетпісбаев, СҚО экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
-Ағымдағы жылдың 2 тамызында жедел-іздестіру операциялары барысында ЕС 164/9 мекемесінің бастығы ұсталды. Ол қамаудағы Никитин мырзаны мерзімінен бұрын босатқаны үшін 8 мың доллар алған еді.

Ал тағы бір кадрда  – Есіл экологиялық департаменті инспекторының алаяқтығын айғақтайтын көрініс   Пара белгісі салынған 50 мың теңге Мамлют ауданындағы техникалық қызмет көрсету станциясын салуға жер алу үшін төленген. Әзірге  бұған қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Қаржы полицейлері енді заңсыз жұмыс істейтін ойын бизнесінің өкілдеріне назар аудармақ. Биылдың өзінде жасырын казиноларға қатысты үш факті тіркеліпті.

Гүлден Сәрсенбаева