Спорт

Кәсіби мереке күнгі спартакиада

Бүгінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері аса маңызды мемлекеттік нысандармен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етуде. Жалпы, аталмыш салада қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларының саны 600-ден асып жығылады. Кәсіби мерекеде полицейлерге жылы сөздер айтылып, әннен шашу шашылды. Мерекелік спартакиадаға 6 команда қатысуда. «Отан» және «Арлан» қала құрамалары. Ал  «Сұңқар», «Фортуна», «Қайсар» және «Ақжар» командалары аудандық тәртіп сақшыларынан жасақталып отыр.

Мейрам Баймұқанов, СҚО МКҚБ полицейі:

 

-Осы жылдар аралығында бөлімшедегі қызметкерлер мемлекеттік объектілердің және қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тынымсыз қызмет атқаруда. Баршамызды осы атаулы мерекемен құттықтаймын. Отанымыз – Қазақстанның игілігі жолында атқарып жатқан қызметіміз өрге басып, төбемізде көк туымыз желбірей берсін.

Волейбол, шағын футбол және спорттық көпсайыс бойынша командалар өзара мықтыларды анықтамақ. Спартакиаданың алғашқы күнінде “Арлан” және “Сұңқар” құрамалары алаңға шағын футболдан күш сынасуға шықты. Ойын басталысымен “Арлан” спортшылары басымдылық танытып, қарсыластарының қақпасын қауіпті сәттермен жаудырды. Нәтижесінде гол соғылып, есеп ашылды.
“Сұңқар” құрамасы Ғ.Мүсірепов,Тимирязев және Шал ақын ауданының тәртіп сақшыларынан жасақталған. Команда ойыншылары мүмкіндіктерін ойдағыдай жүзеге асыра алмай, доп қақпадан табылмады. Десе де, жүлделі орыннан көрінеміз деген ниеттерін жоғалтпай отыр.

Ерлан Әбілқайыров, СҚО Шал ақын ауданының МКҚБ полицейі:

-Жеткен жетістіктеріміз 2006 жылы үшінші орын алдық. 2008 жылы екінші орын алдық.Енді осы жолы жеңіске жетеміз деген үміттеміз.

Аталмыш спартакиада 2 күнге жалғаспақ. Қазанның 29-нда қорытындысы шығарылып, мықтылар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

 Жандос Наурызбаев