Мәдениет

Авторлық әндер орындаушылар алыс жолға әзірленуде

 

Ресей ғарышкерлерін

е  арналған фестиваль «Зеленая карета – 2011» деп аталады. Онда Қазақстанның атынан петропавлдық жеткіншектер өнер көрсетпек. Халықаралық дәрежеде өткелі тұрған мәдени шараға ТМД және а

 

лыс шетелдің үздік авторлары мен орындаушылары қатысады.

Аида Тұртаева, «Союз – Автор» ШБ педагогы:

-Фестивальдің деңгейі өте жоғары. Біз барлық турдан өтіп отырмыз. Енді, тек гала- концерттің ашылуы мен жабылуы салтанатында өнер көрсетпекпіз. Онда “Китайская песенька” және “Соул для Юлий” әндерін орындаймыз. Дайындық жаман емес. Ойдағыдай өнер көрсетеміз деген ниеттеміз.

Бес күн бойы фестиваль қатысушылары шығармашылық шеберліктерін ортаға салатын болады. Евгений Малыгин мен Юлиана Девяткина дуэт болып, Евгений Малыгин жалғыз ән айтуды жоспарлап қойған.

-Әрине әр фестивальға дайындық ерекше болуы тиіс. Гала-концертте ойдағыдай өнер көрсетіп, Қазақстанның талантты жастарға бай екенін дәлелдейміз.
-Мен бұл фестивальға баруға жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Осындай шара жастарға басқа авторлармен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді.

Бір- екі күндік дайындықтан кейін жерлестеріміз жолға шығуды көздеп отыр.

Жандос Наурызбаев