ТКШ

Тұрғын үй қорын жаңғырту



Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Елбасы жолдауындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Соңғы жылда баспана қоры 30 млн шаршы метрге ұлғайған. Жолдауды түсіндіре келе Николай Тихонюк бағдарламаның тиімділігін де атап өтті.

Николай Тихонюк, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары:
– Баспананы жөндеу жұмысы көп шығынды қажет етеді. Көп жағдайда оны азаматтардың қалтасы көтермейді. Сондықтан да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының пайдасы мол.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының ел көлемінде жүзеге асу жайы да сөз болды. Бұл ретте өңіріміз көш басында болмаса да артта қалмапты. Жергілікті жерде бағдарламаның мүмкіндігін көргісі келетіндер аз емес.

Николай Тихонюк, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары:
-Кей өңірде бағдарлама қанатын кең жайса, баспаналарды жөндеу жұмыстары бәсеңдеу жүріп жатқан аймақтар бар. Тіпті әрекетсіз отырған қала да кездеседі. Соларға сіздерге көршілес  Қостанай қаласын жатқызуға болады.

Жеке пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары ақпараттық- насихат тобының мүшелеріне көкейінде жүрген сауалдарын жолдады. Кейбіреулері тұрғын үй қатынастары заңы өзгерістер мен толықтыруды талап етеді дейді. Ақпараттық насихат тобының мүшелері болашақта бұл бағыта жұмыс жасауға уәде етті.

Айдана Демесінова