Мәдениет

Жаңа театр маусымы

 

 

Н. Погодин атындағы облыстық драма театрының актерлары Шоқан Уәлиханов спектаклін мұның алдында да бірнеше рет сахналаған еді. Дегенмен  тарихи маңызы зор туынды көрермендердің ең сүйікті қойылымдары қатарынан ешқашан шыққан емес. Керісінше жылдан-жылға ерекше сұранысқа ие болып келеді.

Тимур Каримжанов, Н. Погодин атындағы орыс драма театрының режиссері:
-Бұл пьесса осында 1956 жылдан бері қойылып келеді. Оны актерлердің бірнеше легі ойнап өтті. Погодин театры осы қойылымды алғашқылардың бірі болып сахналаған еді. Біз өз еліміздің қаһармандарын ұмытпауымыз керек. Ал Шоқан Уәлиханов ең атақты тұлғалардың бірі ғой.

Спектакль ұлы ғалым, ағартушы, тарихшы, географ Шоқан Уалихановтың қамшының сабындай қысқа ғұмыры туралы. Ол өмірінің ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болатын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін азаматты орыс шенеуніктері де жоғары бағалаған еді. Сахнадағы Шоқан бейнесін жергілікті көрермен аса ынтыға тамашалады.

-Мен бас кейіпкердің өмірбаянын жақсы білмеймін. Дегенмен, енді ол туралы көбірек білгім келеді. Актерлардың өнері де көңілімнен шықты.
-Қойылым өте тартымды. Өнер иелері өте жақсы ойнайды екен. Костюмдері де керемет болды.
-Спектакльден үлкен әсер алдым. Біз осындай мәдени кештерде жиі болуымыз керек.

Театр режиссеры биылғы маусым жаңа қойылымдарға толы болады дейді. Жақында Петропавлдықтар “Алые паруса” спектаклінің премьерасын тамашаламақ.

Гүлден Төлеген