Қоғам

Заңсыз ағаш кесу – табиғатқа зиян келтіру

 

Бұдан табиғатқа келтірілген шығын – 728 мың теңге.   “НПТСО Кугуар” ЖШС  жұмысшыларының бригадасы Соколов орман мекемесіне қарасты аумақта екі ай бойы заңсыз отын дайындаумен айналысқан. Тамыздың 17-і күні ауданаралық экономикалық сот орман пайдаланушының қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын, алайда серіктестік отын дайындауды жалғастыра берген.

Назар Қапаров,  облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:

– Отын дайындау, оны алып шығу табиғат қорғау заңнамасы талаптары бұзылғанына қарамастан толық көлемде атқарылуда. Отын дайындау технологиясы, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайды.

Ағаш дайындаушылар бригадирі Сергей Брагиннің айтуынша, бригада ағаш дайындау заңсыз екенін біледі, алайда серіктестік директоры  жұмысты жалғастыра беруді бұйырыпты. Мұнда еңбек заңдылығы да сақтала бермейтін көрінеді. Жұмысшылардың кейбірі ауызша келісім бойынша, тиісті құжаттар ресімделмей қабылданған.  Өрт қауіпсіздігі шаралары да орындалмаған. Орман табиғи апаттан кейінгідей кейіпте. Ал тәртіп бойынша отын дайындау барысында орманды шашылған бұтақтар, ағаш кесінділерінен бірден тазартып отыру керек.     
 
Владимир Пеганов, Соколов мемлекеттік орман мекемесінің директоры:
– Бүгін ағаш дайындадың екен, барлық бұтақтар мен басқа да қалдықтар отын дайындауға бөлінген орыннан 10 метрдей аулаққа шығарылуы керек. Олар болса барлық бұтақтарды сол жерге үйген.  

Қазір «НПТСО Кугуар» ЖШС  бригадаларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ағаш дайындаушылар техниканы орманннан шығаруда.  

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 293 текше метр ағаш заңсыз кесілген, бұдан табиғатқа 728 мың теңге шығын  келді.