Қоғам

“Халықтың дауысы” акциясы жалғасуда

 

 

 

 

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдау үшін Петропавлда халық көп шоғырланатын 5 жерде арнайы урналар қойылған. Оның бірі – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де. Тың бастаманы оқу орнының студенттері мен мұғалімдері қолдап отыр.

Екатерина Кордюкевич, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Мен бұл акцияны қолдаймын. Жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде студенттерді жұмыспен қамтуға байланысты ұсыныс-тілектерімді қалдырдым. Олар қарастырылып, қолдау табады деген ойдамын.

Бұл жерде әр адам өзінің тілектерін үнпарақшаларға жазып қалдыра алады. «Нұр Отан» ХДП өкілдері олардың ешбірін назарсыз қалдырмақ емес. Бұған шәкірттер де сенімді. Сондықтан өз тілектерін жеткізуге асыққандар аз болмады.

Сәркен Нұрсаян, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Мен біздің университетте туризм мамандығының магистратурасы ашылса деген тілегімді қалдырдым. Өйткені өзім осы мамандықта оқимын.

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өтініштер мен ұсыныстар жәшігі де бюллетеньдерге толы. Жаманбаевтар отбасы акция жайлы естіп, белсенділік танытуға асыққандар қатарында.

Керімбай Жаманбаев:
– Біздің жеткіншектеріміздің білім алуына зор мүмкіндік ашылып отыр. Осылай бола берсін деп тілеймін.

2 апта ішінде Петропавл мен аудан орталықтарындағы 6000-нан астам азамат тілектерін қалдырып үлгеріпті.

Николай Черновол, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Акцияның тұрғындар тарапынан қолдау тапқаны қуантады. Қаланы абаттандыру бойынша да біраз ұсыныстар келіп түсті. Жерлестеріміздің сауалдары орынды. Оларды қарастырып, әрқайсысын шешу үшін барынша тырысамыз.

Акцияның 1-ші кезеңі 10 қарашада қорытындыланбақ.

Инеш Шоқақова