Балалар

Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі кеңес отырысы

 

 

 

 

Жастар саясатын жүзеге асыру кеңесінің отырысында бірінші кезекте жас дарындарды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыс пысықталды. Айту керек, бұл бағыт жастар саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамада негізгі басымдық ретінде айқындалған.

Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
– Бұл мәселеге жаңа тұжырымдамада үлкен мән берілген. Бұл ретте біздің ортақ міндетіміз – жас дарындарды іздеп, олардың өсуіне жағдай жасауымыз қажет. Өнерлі жастарымыз, спортшылар, білім сайыстарына қатысып жүрген балалармен тығыз жұмыс жасап, оларға қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

Отырыста жастар арасындағы дәстүрлі емес ағымдардың алдын алу мәселесі де қаралды. Сақтық шаралары артық етпейді дейді жиналғандар. Өйткені мұның арты өскелең ұрпақтың заңды бұзуына алып келуі әбден мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысқа жиі барады. Үстіміздегі жылы осындай 86 факті тіркелген. Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Мерген Жұмағұловтың айтуына қарағанда, биыл аса ауыр қылмыс жасағандар жоқ. Өткен жылы мұндай 3 факті тіркеліпті.

Мерген Жұмағұлов,  СҚО ІІД бастығының орынбасары:
-Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында өзге жауапты мекемелермен бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. Нашақорлықпен күресте көптеген іс-шаралар қолға алынды. Биыл осы бағытта 400-ден астам түрлі шара өткіздік. Айталық учаскелік инспекторлар үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында  атқарылған жұмыстың қорытындысын шығару  болашақтағы міндеттерді айқындауда маңызды. Өйткені мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға өзгерістер енгізу көзделген. Бүгінде бұл заң жобасы әзір. 2012-2014 жылдары жастарды қолдауға 2,14 млрд. теңге бағытталмақ.

Айымгүл Әбілева