Құқық қорғау органдары

Дүкендерді тонаған қарақшы ұсталды

Жамбыл көшесінде орналасқан «Фаворит» дүкеніне кірген ер адам 10 қорап «Кент» темекісі мен бір бөтелке коньяк сұраған. Дүкенде бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан әйел адамға тұтынушы күдікті болып көрінген. Тауарды бермес бұрын ақша төлеуді талап еткен сатушыға ер адам күш көрсетіп, заттарды алып дүкеннен ізін суытқан. Тонаушы жақын жердегі үй аулаларымен жасырынып кеткен. Болған оқиға жайлы полицияға хабар жетіп, қылмыс жасалған ауданда іздестіру шаралары қолға алынды. Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшыларына бұл қылмысқа Петропавл қаласының бұрын сотталған тұрғыны қатысты деген жедел ақпарат түсіп, күдікті өз үйінде ұстады.

Наурызбек Исин, Петропавл қалалық ІІБ-ның 1-ші полиция бөлімінің бастығы:

 

 

-Күдікті бұрын үш рет сотталған. Қазіргі уақытта басқа қылмыстарға  қатыстылығына тексеріс жүргізіліп жатыр.  

Ұсталған ер адам тонау жасағанын бірден мойындады. Сондай-ақ ол дәл осындай қылмысты Новая көшесінде орналасқан дүкенде де жасағанын  айтты. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде.

Жандос Наурызбаев