«Үй дәрігері»

Денсаулық сақтау

14:57 20 Қазан 2011

Ресейдің Елатом медициналық құрылғылар зауытының өнімдері Қазақстан нарығында жүргеніне 10 жыл болып қалған. Сол уақыттан бері әсіресе мына «Үй дәрігері» сериясымен шығатын физиотерапиялық бес аппарат түрлі дерттерден шипа іздеушілердің үлкен сұранысына ие.
Тамара Хегай, “Елмед-KZ” ЖШС менеджері:
– «Магафон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

“Алмаг” та шорбуын, хондроз, варикоз тірек-қимыл және жүрек-қантамырлар жүйесін, невралгия, асқазан-ішек жолдарын, тамыр кеңеюі, тромбофлебит сияқты қауіпті дерттердің алдын алу үшін шығарылған. Көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылатын енді бір медициналық жабдық  «Фея» деп аталады.

Тамара Хегай, “Елмед-KZ” ЖШС менеджері:
 -«Фея» ринит, гайморит, тонзиллит, фронтит ауруларын емдеуге арналған. Оның көмегімен жасалатын жылу терапиясын тіпті 8 айлық сәбилерге де қолданған қауіпсіз.

Ал «Мавит»  –  созылмалы простатитке қарсы жақсы құрал. Маманның айтуынша қолданылу аясы өзгелерімен салыстырғанда тар болғанымен оның көмегіне жүгінетін жерлестеріміздің саны әлдеқайда басым көрінеді.

Тамара Хегай, “Елмед-KZ” ЖШС менеджері:
-Оның көмегіне көбіне ер адамдар жүгінеді. Ол әсіресе, жыныстық мүшеге суық тиген кезде простатит, 1,2 дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал.

“Алмаг” пен “Фея” аппараттарының  емдеу мүмкіндіктерін   бір ғана «Теплон» құрылғысынан табуға болады. Бірнеше аурумен қатар күресетін кешенді терапияда жылытуға арналған  6 элемент бар.

Тамара Хегай, “Елмед-KZ” ЖШС менеджері:
-«Теплонды» мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфрақызыл сәулелері бел, буын, тыныс  жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Ол кішкентай балаларға қолдануға да жарамды. Өте ыңғайлы, ең бастысы әрбірі өзіне тиімді температураның режимін таңдай алады.

Жеңіс Ермұқанов



Бұдан әрі оқыңыз

МӘМС-ке бірыңғай жиынтық төлем жасаңыз
Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды
Перзентханадағы жөндеу
Мобильдік бригадаларды шақырту ақысын МӘМС қоры өтейді
Эпидемиологтар бұқарадан жауапкершілік танытуды сұрайды
Тұрғындар тағамға масканы шешпей тапсырыс жасаулары тиіс
Облыстық ауруханада заманауи МРТ аппараты іске қосылды
Дәрі-дәрмек сақталатын қоймаларға мониторинг жүргізілуде
№3 қалалық емханада жаңа Call-орталық пайда болды
Дәрі-дәрімек бағасы – бақылауда
Өңірде дезинфекциялық шаралар жалғасуда