Құқық қорғау органдары

9 айдағы прокурорлық қадағалау қорытындысы



 

Жыл басынан қала прокурорларының көмегімен жемқорлыққа жол берген 172 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Мәселен, қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен бас маманы қызметтерін асыра пайдалананы анықталып отыр.

Қонысбек Ыбыраев, Петропавл қаласының прокуроры:
– Істелмеген жұмысты істелді деп мемлекеттік орган бұл мәселеге бөгет болудың орнына қолын қойып, 6,5 млн теңге басқа қалтаға кетіп отыр. Сондықтан прокуратура органдары бұл тексерісті жүргізуде табанды түрде мәселені аяғына дейін жеткізді. Басшыға іс қозғадық. Бас маманды коррупциялық жауапкершілікке тартып, тәртіптік кеңес арқылы жұмыстан босату туралы шешім қабылдатқыздық.

2006 жылы қалалық мәдениет және демалыс саябағынан біраз жер телімі “Жаңа ала” ЖШС-не құрылыс жүргізуге беріліпті. Прокурорлар қалалық әкімдіктің шешімін заңсыз деп тауыпты.

Қонысбек Ыбыраев, Петропавл қаласының прокуроры:
-Қалалық прокуратура осы заңсыз шығарылған шешімді сотқа берді. Бүгінде соттың бар деңгейінен өтіп,  прокурорлардың бар талап-арыздары орындалды. Енді соңғы нүктесіне дейін орындалуын қадағалайтын боламыз.

Еңбек кодексінің 10-шы бабында еңбек табысы келесі айдың 10-на дейін берілуі тиіс деп көрсетілген. Десе де көптеген жұмыс берушілер талапты орындауға асықпайды. Мәселен, “Петропавл киім фабрикасы” ЖШС қол астындағыларға табыстарын жарты жылдап бермейді екен. Қазір кәсіпорынның жалақыдан берешегі 16 млн. теңгеге жетіпті. Серіктестік директорының үстінен қылмыстық іс қозғалып, 300 АЕК мөлшерінде айып салынып отыр.

Қонысбек Ыбыраев, Петропавл қаласының прокуроры:
-Осы мәселелер бойынша прокуратура қызметкерлері шұғыл түрде араласып, сотқа 17 ұсыныс жасады. Бүгінде 83 млн теңге 1628 жұмыскерге төленіп отыр.  

Сондай-ақ қадағалушы орган қызметкерлері биыл жалпы қылмыстардың – 28 %, ал ауыр қылмыстардың тіпті екі есеге артқанын айтады.

 Жеңіс Ермұқанов