Қоғам

“БЭСТ” гимназиясындағы келісім мерекесі

“БЭСТ” гимназиясында рухани келісім күнін атап өту дәстүрге айналған. Оқушылар бұл күні елімізде тату-тәтті өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, мәдениетімен жақынырақ танысады. Мерекелік шараның барынша қызықты ұйымдастырылуына өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жүрген болашақ ұстаздар да септескен.

Алтынгүл Күлкина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Біз практика барысында осы іс-шара арқылы 8 сынып оқушыларымен бірге еліміздегі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықта өмір сүріп жатқанын көрсетпекпіз. Оқушылар өте жақсы дайындалды.

Америкалық ерікті Кейтли Обрайн Қазақстан халқының арасында рухани келісім орнаған дейді. Оның біздің елімізге келгеніне биыл 1 жыл.

Кейтлин Обрайн, ерікті:
– Маған Қазақстанда өте ұнайды. Достарым да түрлі ұлт және дін өкілдері. Олар өте мейірімді, бауырмал, жақсы қарым-қатынастамыз. Сіздердің елдеріңіз осымен ерекшеленеді деп ойлаймын.

Түрлі дін өкілдерінің өзара ынтымақтастықта өмір сүруі – бейбітшіліктің кепілі. Сондықтан елдегі ауызбіршілік пен рухани сыйластықты сақтау маңызды дейді оқушылар.

 – Мен бұл тәрбие сағатынан өзіңнен басқа адамдарға түсіністікпен  қарау керектігін түсіндім. Сондай-ақ олардың бірнеше мың жыл бойы ұстанатын діндерін сыйлау қажет.
– Мереке барлық ұлт өкілдерін біріктіреді деп ойлаймын. Дүние жүзіндегі адамдар бейбіт өмір сүруі тиіс.

Инеш Шоқақова