Әр түрлі

Оқушылар почта туралы сурет салып, шығарма жазды

 

 

Дүниежүзілік почта  одағының құрылғанына 137 жыл толуына орай «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық  филиалы мектеп оқушылары арасында екі бірдей байқау жариялаған болатын. Оның біреуінде балалар  Қазақстан почтасы туралы суреттер салса, екінші байқауда  шығармалар жазды. 

Тамара Мансуровская, «Қазпочта» АҚ СҚОФ  бөлім бастығы:

– Интернет-технологиялардың әсері барлық жұмыстарда байқалады, суреттерде біздің ММS, экспресс-почта,  самолеттер мен машиналар,  бір сөзбен айтқанда жылдамдыққа қатысы бар нәрселер көрініс тапқан.

№17 ұлттық өрлеу мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы Ернар Ермұқановтың суреті 100-ден астам туындының арасынан үздік деп танылды. Бүгін «Қазпочта» қызметкерлері оны жеңісімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Осы мектептің 7 сынып оқушысы Елизавета Зенковская  шығармалар байқауында 3-ші орынға ие болды. Байқауға 72 шығарма түсіпті, оның 22-сі қазақ тілінде екен.  Жеңімпаздар арасында аудандық мектептердің  оқушылары да бар. Олардың барлығы грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Қызылжар ауданындағы «Парасат» мектеп-лицейінің  5 сынып оқушысы Нұрсыйла Әскер шығармалар байқауының жеңімпазы  атанды. Оған музыкалық орталық  тапсырылды.