Спорт

Футболдан Петропавл қаласы кубогының иесі анықталды

Футболдан қала кубогы үшін жарыстар биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Жарыста  11 команда  бақ сынады. 

 

Анатолий Соломин, жарыстың бас төрешісі:

Барлық ойындар тартысты өтті. Соңғы 4 ойынның жеңімпаздары пенальти бойынша анықталды. Барлық командалардың даярлығы бір деңгейде деп айтуға болады. Сондықтан бүгін ең күштісі жеңіске жетеді.   

Ақтық сайыста «Әділет» және «Спартак» командалары кездесті. Қарсыластар қақпасына бірінші допты «Спартактың» капитаны Тимофей Кришталь енгізді. Бірінші таймның орта шенінде «Әділеттің» қақпашысы Иван Решетов  екінші допты өткізіп алды. Есеп  2:0. Матчтың екінші бөлігінде де «Әділет» командасы қарсыластардың қапысын таба алмады. Ойын 3:0 есебімен «Спартактың» жеңісімен аяқталып, команда кубокқа ие болды. Келесі демалыс күндері «Жастар» стадионында  өтетін ойында жарыстың қола жүлдегері анықталады.  Алаңға  “Ветераны” и “Тамаз” командалары шығады.