Спорт

Белгілі бапкер Анатолий Ямпольскийдің мерейтойы

 

 

 

Өзінің туған күнін еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямполский жылдағыдай үйреншікті жұмыс орнында тәрбиеленушілерімен бірге өткізді. Білікті бапкер спортқа аяқ басқан жеткіншектерге акрабатиканың қыр-сырын үйретіп жатыр. Жарты ғасырдан астам еңбек өтілі бар бапкердің айналасы қашанда жігерлі жастарға толы.

Анатолий Ямпольский, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
-Мен әр күнімді тәрбиеленушілерімсіз елестете алмаймын. Өйтпесем тамақтанбаған сынды жан азығын ала алмай, өзіңді аш жүргендей сезінесің. Олардың шат күлкілерінен қуаттанып күш жинаймын. Жастармен бірге бойымды жазып дем алып ләзаттанамын.  Жетістіктерімен бірге менің де жан дүнием өсіп жасара беремін. Сүйікті мамандығым менің өмірлік серігіме айналды.

Анатолий Ямпольскийді арнайы құттықтауға келген дос-жаран, әріптестері мен қайырымды шәкірттері мерейтой иесінің иығына шапан жауып, жылы лебізге бөледі. Қуанышына ортақтасып сый-құрмет көрсете келген жандардың әрбірі оның өңір спортының дамуына қосқан үлесін тізсе уақыттың жетпейтіндігін айтады. Анатолий Иванович өңірімізде бірінші болып спорттық акрабатиканың іргесін қалаған. Бүгінге дейін өмірлік ісін жетілдіріп келеді. 100-ден аса спорт шеберін, 10-даған халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін тәрбиелеген. Білікті бапкердің тәрбиесін көрген талай жерлестеріміз әлі де әлемдік ареналарды бағындырып ел намысын асқақтататып жүр.

 Светлана Горячева, спорттық акробатикадан балалар мен жасөспірімдер мектебінің бапкері:
-Анатолий Иванович өмірлік мақсатыңа жетуге үйретеді. Бастаған ісін міндетті түрде үлкен нәтижемен аяқтайды. Мен оның ақыл-кеңесімен спорт шебері талаптарын орындадым. Екінші әкем сияқты қашан болмасын көмек жасауға әзір. Әр тәрбиеленушінің мінезі өзінше бөлек болады. Ол бәрімен тіл табыса біледі. Бүгінде көп нәрсені осы адамнан сұрап білемін.

Әке көрген оқ жонар демекші Анатолий Ивановичтің балалары мен немерелері жолын қуып,  ісін жалғастырып келеді.

Андрей Ямпольский, спорттық акробатикадан спорт шебері:
– Мен бала кезімде спортқа жақын болмаған едім. Басында қиын болды. Десе де сол уақытта ол мені әке ретінде емес, бапкер ретінде тәрбиеледі. Бүгінде осы жолды таңдағаныма өкінбеймін. Мен де әкемнің ісін жалғап,  жеткіншектерге одан алған бар білімімді жеткізуге тырысамын.

Атақты спорттық акрабатика ұстазының ең жас шәкірті Салих Кумалов аз уақытттың ішінде аталмыш спорттың негізін үйреніп алыпты. 7 жасар Салихқа акробатикалық жолда иіліп, шыр айналу түк қиын емес көрінеді.

Салих Кумалов:

– Анатолий Иванович  – ең  жақсы бапкер, ол мені көп нәрсеге үйретті. Оған зор денсаулық тілеймін.

Сексеннің сеңгіріне келген Анатолий Ямпольский өмірімнің соңына дейін Салих сынды әлі талай бүлдіршіндерді спортқа баулитынына сенімді.  

Жеңіс Ермұқанов