Қылмыс

Жол-көлік оқиғасында жүргінші қаза тапты

 

 

 

Күдікті жаяу жүргіншіні Петропавл-Жезқазған тас жолының бойында қағып кетіпті. Шал ақын ауданы Ақанбарақ ауылының маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан 50 жастағы адам доңғалақтың астына түсіп қалған. Ал көлік жүргізушісі жапа шегушіге қол ұшын бермей, оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда ол көп кешікпей қолға түсті. Куәгерлерді сұрастыру барысында көліктің мемлекеттік номерінің кей сандары мен түсі анықталды,  машина сынықтары арқылы темір тұлпардың маркасы белгілі болды. Жол полицейлері мәліметтер қоры арқылы жол-көлік апатын жасаған автомашинаға ұқсас көліктерді тексеріп, «Тойота- Камриді» анықтаған. Машина иесі сол түні темір тұлпарын туысына берген екен.Ол жаяуды қараңғыда байқамай қалғанын айтып ақталуда. Қалай болғанда да, жол полицейлері «Тойота-Камриді» қаладағы жөндеу станцияларының бірінен тапты. Тағы айта кетерлігі, оқиға орнында көз жұмған жүргінші мас болған. Қазіргі уақытта факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үстіміздегі аптада осы тектес оқиғалардың алдын алу мақсатында “Ауыл жолдары” шарасы басталып, қазанның 21-іне дейін жалғасатын болады.

 

Гүлмира Шоқтыбаева