ТКШ

Мемлекеттік бағдарлама аясында 3 үйдің төбесі жөнделіп болды

 

 

 

Сәбит Мұқанов көшесінде орналасқан 52-үй 1973 жылы бой көтерген. 38 жыл ішінде оның шатыры әбден тозыпты. Жаңбыр жауған кезде төбеден су өтіп тұрғындардың мазасын кетірген көрінеді. Мұндай қиындыққа тап болған азаматтар мемлекеттің көмегіне жүгінген

Елена Вульф, «Кировец»  ПИК төрағасы:
– Бағдарлама шықпай тұрып әкімдікке көмек сұрап барғанбыз. Шыққан кезде құжаттарымыз дайын тұрды. Сәті түсіп, осындай жақсы мүмкіндікке ие болған алғашқы баспаналардың бірі болдық.   Жүргізілген жөндеу жұмыстарына разымын .

Үйдің шатырын жөндеу үшін 5 456 580 теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Тамыздың 6-сы мердігер компания жұмысқа қызу кірісіпті. Бүгінгі күні төбе жабындысы ауыстырылып, жұмыс толығымен аяқталды. Мұндай шаруаны өз бетінше тындыруға қауқарсыз тұрғындар мемлекет қолдауына разы.

Людмила Сивидова:
-Үнемі төбеден су ағып тұратын. 400 мың теңгеден де тапсырған кезіміз болды. Дұрыс жөндемеген болар, жарты жылдан кейін бұрынғы қалпына оралды. Бағдарлама шеңберінде күрделі әрі сапалы жөндеуден өтті. Балаларымның көмегімен 84 мың теңгені өзім, ал 89 мың теңгені тұрғын үй көмегі арқылы төледім.

Мердігер компанияның жұмысы арнайы комиссияның жіті бақылауында болды. Сондықтан да жұмыс уақытылы аяқталып, сапасы да жоғары болған көрінеді.

Қанат Баймұхамбетов , тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі:
-Арнайы комиссия жұмыс барысын тексерген болатын. Бүгін үйді қабылдар алдында тағы бір мәрте бақылаудан өтеді. Комиссия құрамында ПИК төрағалары, тұрғындар да бар.

Сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Брусиловский көшесінде орналасқан 58-үй мен Кошуков көшесіндегі 14 а үйлерінің шатырлары күрделі жөндеуден өтті.

Айдана Демесінова