Әр түрлі

«Рахметтен» – 3 билет

«Рахметтен» –  3 билет» акциясы   маусымның 15-і күні басталған. 4 ай ішінде барлығы 8000 тұрғын ұтыс ойынына қатысуға ниет білдіріпті.

Константин Андрюшенко, «Рахмет» сауда орталығының маркетинг және жарнама жөніндегі менеджері:
– Акцияның шарты бойынша әр қатысушы «Рахмет» сауда орталығының 3 дүңгіршегінен жалпы көлемі 5000 теңге сомасындағы тауар сатып алуы тиіс болатын. Қатысушы купонын толтырған әр тұрғын демеушілер ұсынған 5 мыңнан 25 мыңға дейінгі сомадаға сертификаттар мен түрлі сыйлықтар ұтысына қатыспақ.

Акцияның сәнін концерттік бағдарлама мен сәнді киімдер көрсетілімі аша түсті. Сән үлгілерінің жаңа тенденцияларын алғаш болып “MenStyle”, «Loren” және «ZimaLeto» сауда белгілері ұсынды. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған іскерлік киім үлгілерінің саналуандығын байқауға болады. Классикалық көйлек, костюм және жилет . Бұлардың бәрін талғаммен үйлестіре білген адам заманауи, сәнді бейне жасары сөзсіз. Мұндай мүмкіндікті «Chess», “Glance” және әлемнің 65 елінде зор сұранысқа ие “LTB” сауда нүктелерінің киім үлгілерін сатып алушы да қалт жібермесі анық.
Акцияның демеушілері «Beautymania», “ Aroma group”, “Yamaha”, “Respect” , “Bonetty”және “Штучка» дүкендер желісінің мамандары модельдер бейнесі мен көрсетілімнің мінсіз болуына септескен. Сән үлгілерінен соң  кезек тағатсыздана күткен ұтыс ойынына да келіп жетті. Бұл жолғы ұтыс Эльмира Әлімұратова үшін өз туған күнінде тосын сый болды.

Эльмира Әлімұратова:
– Мен қуаныштымын.Бүгін туған күнім. Радиотелефон ұтып алды. Дүкенге рахмет. 

Ал 3 адамға арналған экзотикалық елге саяхатқа Баязитовтар отбасы аттанбақ.

Зарима Баязитова:
– Мұндай акцияға алғаш қатысып отырмыз. Ұтысымызға өте қуаныштымын. Енді отбасымызбен Түркия еліне саяхатқа бармақпыз.

«Рахметтен 3 билет» аясында «Технодом», «Северный- 2» сауда нүктелері ұсынған 43 тұрмыстық техника мен «Beautymaniaның» сыйлықтары да өз иелерін тапты.

 

Инеш Шоқақова