Мәдениет

Көңілділер мен тапқырлар фестивалі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогына көңілділер мен тапқырлар клубтарының халықаралық байқауы осымен 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолғы фестивальде Қазақстан мен Ресей елдерінің 10 құрамасы бағын сынады.

Евгений Пеньков, «Поиск молодых и здоровых» ЖҚБ төрағасы:
-Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан шараға Ресей елінің ойыншыларын да шақырдық. Бүгінгі жарысқа Нижний Новгород, Уфа, Пермь, Қорған, Қостанай және Көкшетаудан келген жастар қатысып отыр.

«20 игі іс» акциясы аясында 20 билетке ие болған мүмкіндігі шектеулі балалардың да жүздерінен күлкі кетпеді. Мұндай сыйды жарымжандарға «Поиск молодых и здоровых» жастар қоғамдық бірлестігі жасаған екен.

Елена Колмогорова, «АДОН-Север» ҚБ төрайымы:
-Балдырғандарымыз осындай көңілді кешті тамашалау мүмкіндігіне ие болғаны бізді қуантады. Осы үшін алғасымызды білдіргім келеді. Кеш көңілдерінен шығады деп үміттенемін.

Барлық командалар сынға жақсы дайындалыпты. Әзілдері орынды, әрі жұртшылық көңілінен шығып отырды.Қатысушылардың барлығы жеңіске жетуге үміттеніп, қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегіне жол табу үшін барынша тырысуда. Қарсыластарының әзілдеріне тәнті болған кейбіреулері мықты бәсекелесін анықтап та қойған.

Ғазиз Ақмаров, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты құрамасының мүшесі:
-Менің ойымша Қостанай қаласынан келген команда жақсы дайындалған сияқты. Өйткені олар ойынды өте қызықты көрсетіп жатыр.  

Константин Ветлушин, «Северная граница» құрамасының мүшесі:
-Қостанай қаласының құрамасы мықты команда. Өйткені олар кәсіби деңгейде ойнайды, Александр Масляков жүргізетін «премьер лигаға» да қатысып жүреді.

Ойын қорытындысы бойынша Қостанай қаласының құрамасы бас жүлдеге ие болды.

Айдана Демесінова