Волейболдан облыс чемпионаты

Спорт

5:42 16 Қазан 2011

Чемпионатты бірінші болып Петропавлдың  «Жеңіс» құрамасы мен Тимирязев ауданының командасы ашты. Екі жақ та мықты ойыншылардан жасақталған.  Тимирязевтықтар облысымыздың ең мықты волейболшылары саналады. Қалалықтар азулы қарсыластарына дес бермеуге тырысқанымен бұл әрекеттерінен түк шықпады. Волейболмен кәсіби түрде 4 жыл қатарынан шұғылданып жүрген тимирязевтық спортшылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Дияз Бабағұмыров, Тимирязев аудандық құрамасының капитаны:
-Жеңіске жету оңай болған жоқ. Дегенмен, есемізді жібермедік. Алайда тізгінімізді босатуға әлі ерте. Алда тағы мықты қарсыластарымыз бар.

Бір қуантатыны өңірімізде спортқа құлшыныс танытушы жасөспірімдер қатары  жыл санап артуда. Соның ішінде волейбол спортына еліктеушілер көбейіп келеді. Оған облыстық чемпионаттар дәлел. Бүгінгі таңда аудан жастары арасында волейболмен кәсіби деңгейде шұғылданатын 10 команда бар. Олар осындай сайыстарды қалт жібермейді. Сонымен қатар, ең үздіктері облыстық құрама қатарына еніп, өңіріміздің абыройын республикалық жарыстарда қорғап жүр.

Жанат Елеусізов, БЖСМ жұмыс жөніндегі оқу- әдістемелік орталық директоры:
-Жасөспірімдер спорт мектептері арасында биылғы жылы19 93 жылғы балалар Қазақстан кубогын ұтып, біздің кәсіпқой волейбол командасына кіріп отыр. Сондықтан ойлаймын біздің кәсіпқой командаға үлкен көмек деп. Шет жерлерден волейбол спортшыларын шақыртпай, өзіміздің волейболшылардан құралып отырған команда.

Сайыскерлер жеңіске жету үшін бар күштерін салуда. Себебі мықтының мықтысы республикалық чемпионатқа жолдама алады. Сонымен бірге ақшалай сыйлыққа ие болады. Мұндай мүмкіндік үшін қыздар құрамасы да таласуда.

 Гүлден Төлеген 

Бұдан әрі оқыңыз

Аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары шахмат ойнады
Киокушинкай каратеден қала әкімінің кубогі өтті
Тартысты матч тең аяқталды
Хоккейшілеріміз қарымта кездесуде басым түсті
Нұрқожа Қайпанов күміс медаль еншіледі
“Құлагер” ХК “Ақтөбе” құрамасынан минималдық есепте басым түсті
Көркем гимнастшылар сынға түсті
Жерлес футболшылар чемпион атанды
Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды
Қарымта кездесуде құлагерліктер “Altai Torpedo”-дан жеңіліс тапты
«Qulager» хоккейшілері өскемендік «Altai Torpedo» құрамасына есе жіберіп алды
Өңірде жекпе-жектен облыстық турнир өтті