Бизнес және экономика

Кәсіпкерлердің құқын қорғау

Бүгінде облыс прокурорлары 258 кәсіпкердің құқығын қорғап қалған. Жеке меншік иелерінің құқықтарын таптаған 70 лауазымды тұлға өз кезегінде жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылық шағын және орта бизнес нысандарын тексеру кезінде орын алған.

Қайсар Әбішев, СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:
-Үстіміздегі жылы астық инспекторлары Мағжан Жұмабаев ауданындағы 8 астық нарығының субъектісіне тексеріс жүргізген. Алайда, аталған тексеру шаралары барасында өрескел заңбұзушылықтарға жол беріліпті. атап айтсақ, тексеріс  басталғаны жайлы хабарлама қағазы берілмеген және акт толтырылмаған.

Дәл осындай заңбұзушылықтарға қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандары да жол беріпті. Бұл жағдайда тексеріс өткізу үрдісі 15 мәрте бұзылған. Әкімшілік кедергілерді жою бағытында прокуратурада арнайы құрылған жедел топтар жұмыс істейді. Егер кәсіпкердің заңсыз тексеріс өткізіліп жатқандығы жайлы ақпараты 15 күннің ішінде қаралса, жедел топ бұндай арызды бірден тексере бастайды.

Қайсар Әбішев, СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:
– Бұл топ өкілдері кәсіпкерлер тарапынан түскен арыздарды бірден қарастырады. Сондықтан  нәтижесі де көп ұзамай белгілі болады.

Осы күні “Бизнес тірегі” жобасы жалғасып келеді. Тексеріс жайлы кәсіпкер 1012 номеріне қысқа хабарлама жіберіп, барлық ақапаратты ала алады.

Гүлмира Шоқтыбаева