Қылмыс

Жертөледе гильза табылды



Артиллериялық снарядтың гильзасын үйдің жертөлесіне стоматологиялық клиниканы жөндеуге қажет құрылыс материалдарын тасып кіргізіп жүрген жұмысшылар  тауып алып, 112 телефоны бойынша арнайы қызметке хабар берген. Жедел тергеу тобы, құтқарушылар, төтенше жағдайлар қызметі және жедел жәрдем бригадалары бірнеше минутта  оқиға орнына жетіп, тұрғындарды далаға шығарды. 

Жертөленің бір бөлігі бес қабатты үйдің бүйірінде орналасқан стоматологиялық клиниканікі көрінеді.   Мекеме иесі Айнагүл Қойшығынованың айтуынша, олар жертөлеге сирек кіреді екен, бұған дейін мұндай зат көздеріне түспепті.  «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері гильзаны жертөледен шығарып, сараптауға жіберді, адамдарға төнген қауіп жоқ, енді бұл заттың тұрғын үйдің жертөлесіне қайдан келгені анықталуда.