ТЖ

Өрт

 

Лидия Новикова, үй тұрғыны:

-Подъезге шығу мүмкін болмады. Себебі  барлық аумақты түтін басып кетті. Өзіміз не болып жатқанын түсінбей қалдық.

Өрт Чайковский көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде қазанның 12 -сі күні сағат 22:58 минут кеткенде орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 37 жастағы ер адамның, 57 жастағы әйелдің және 3 жасар нәрестенің мүрдесін тапқан. Олар улы газға тұншығып калған екен. Ащы суға мас болған үй иелері түтіннің иісін сезбеген.

Лидия Новикова, үй тұрғыны:

-Есікті қағып, оятайық деп едік. Бірақ  еш нәтиже болмады. 53 пәтерде тұрған көршілеріміз ішімдікті көп қолданатын. Ал үш жасар нәресте әжесіне қонаққа келіп тұратын. Дәл осы қаралы күні оның осында болғаны да белгілі болды. Барлығы көз алдымызда, әлі өзімізге келе алар емеспіз.

Лидия Михайлованың сөзіне қарағанда, қаза тапқан үй иесі газ бен жарыққа акша төлемеген. Сондықтан  тоқты өздері заңсыз қосып, қысқа тұйықталудан өрт шыққан. Өртенген жердің аумағы 2 шаршы метр. Сондай- ақ құтқарушылар 26 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 6-уы бала.

Дмитрий Растихин, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:

-Оқиға орнына нөмірі бірінші өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен бір автосатылы машина келді. Бірден пәтерге кіру мүмкін болмады. Балкон арқылы көтерілген кезде 3 адамның мүрдесі табылды.

Қазір апаттың себебі анықталуда. Құтқарушылар тілсіз жау көп жағдайда тұрғындардың кінәсінан орын алып жатады дейді. Петропавлда жыл басынан бері 170 өрт оқиғасы тіркеліп, 17 адам көз жұмған. Оның бесеуі балалар.

Жандос Наурызбаев