ТКШ

Тұрғын үйлер қалпына келтірілуде

Новая көшесіндегі 83-үй 1963 жылы бой көтерген екен. Жарты ғасырға жуық бұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Апаттық санаттағы үйлердің тізімінде болған баспанаға қалалық қазына резервінен 8 млн 766 мың теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті.

Ирина Ширина, «Железнодорожник» ПИК төрайымы: -Біздің үйіміз апаттық жағдайда болатын. Кейін тұрғындармен жиналыс өткізіп, қалалық әкімдікке өтініш жібердік. Өтінішіміз назарсыз қалмай, көмек көрсетілді. Біз өз кезегімізде әр пәтерден ақша жинап, сарапшыларды шақырттық. Соның нәтижесінде қанша қаражат керек екендігі белгіленді.  

Құрылыс жұмыстарымен «Строй Интеграмма» ЖШС айналысқан. Олар үйдің шатырын алмастырып, сыртқы және ішкі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Кіреберістер әрленіп, баспананың қабырғалары мен балкондары да нығайтылған. 12 жыл бойы осы үйде өмір сүріп келе жатқан Сағыжан апай күн суыса қабырғалар көгеріп, үйдің ішін жаман иіс жайлайтын дейді. Енді қария атқарылған шаруаға дән риза.

Сағыжан Байжолова, үй тұрғыны:

-Салынып жатқан үйлерден бір жері кем емес. Балаларымыз бен немерелімізге ойын алаңы да салынып берді.

2005 жылдан апаттық баспаналардың қатарында тұрған үй күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. 64 пәтерлі үйдің тұрғындары бұған өте қуанышты.

Фатима Изатова, үй тұрғыны:

-Кішкентай балалар осы үйдің қасынан өтуге үрейленетін. Себебі: баспанаға кіру мүмкін емес еді. Жертөледен жағымсыз иісіп шығып, едендер дымқыл болатын.Енді үйіміз жаңа кейіпке енгендей болды.

Ал қазіргі кезде тұрғындарды мазалар тұрған басты мәселе  – ыстық су. Аталмыш баспана 20 жыл қатарынан тіршілік көзіне айналған ыстық суға зәру.

Ирина Ширина, «Железнодорожный» ПИК төрайымы:

-Тұрғындар тек суық сумен қамтамасыз етілген.Ыстық су жоқ. Бар қиындық жертөледе орналасқан бройлердің қолды болуы. Ал оны сатып алуға қалтамыз жібермейді. Енді, барлық құжаттарды жинап, жаңғырту бағдарламасына қатысуға өтініш бердік.

Енді бұл үйдегі азаматтар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша  ыстық су мәселесін шешуді жоспарлап отыр.