Әр түрлі

Сержанттар слеті

 

 

 

Слетке кез келген қатардағы сержант қатыса алмайды. Мұнда жұмысында тиянақтылығымен, еңбекқорлығымен көзге түскен кіші командирлер ғана жіберіледі. Ең бастысы қызметінде ешқандай олқылықтарға жол бермеген болуы шарт. Егер сержанттар слет барысында берілген барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындайтын болса, оның есімі тарихи формулярға енгізілмек. Бұл кез- келген солдат үшін үлкен абырой. Себебі ол тізімге кіргендер ең құрметті сержанттар саналмақ.

Берік Тоқтаров, Солтүстік бірлестігі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
-Слетке 6697, 5510, 6637 әскери бөлімдерінің ең мықты деген сержанттары қатысуда. Бүгін біз олардың құжаттарды дұрыс толтыра білу қабілеттерін тексереміз. Сонымен қатар, тестілік тапсырмалар да болады.

Әскери өмірдің қыры мен сырын меңгеріп жүрген кіші офицерлердің арасында жергілікті бөлімнің намысын 8 жігіт қорғап жүр. Слеттің алғашқы тапсырмасы нысанаға дәлдеп оқ ату болды. Шектеулі уақыт ішінде сержанттар құралайды көздеу бағытында өз тәжірибелерін ортаға салып, ортақ шешімдерін майор Артем Игнотенкоға баяндады.
Сержанттар мұндай слеттердің жиі өткізілгенін қалайды. Кездесулер білімімізді толықтырады әрі тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік дейді олар.

Жантілеу Рақымов, 6637 әскери бөлімнің 1-ші атқыштар ротасының сержанты:
-Командирлердің қадағалауымен біз өзіміздің кәсібилігімізді және мамандығымызды одан әрі   шыңдай береміз деп ойлаймын.  

Әзірге сержанттардың теориялық білімдері сыналуда. Слеттің екінші күнінде олар әскери өмірден үйренгендерін іс жүзінде көрсетеді. Қарудан оқ атып, спорттан мүмкіндіктерін сынайды.

Гүлден Төлеген