Құқық қорғау органдары

Есірткі айналымына қарсы күрес

 

 

 

 

Үстіміздегі жылы солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 190 қылмысты әшкерелеп, есірткі сатудың  99 фактісін тіркеді. Сондай- ақ заңсыз айналымнан 300 келіден астам әр түрлі есірткі заттары алынды. Есірткімен күресті тиімді ету мәселесі ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымын бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Выборовтың қатысуымен өткен жиында сөз болды.

Жұмажан Мұқатанов, СҚО ІІД ЕБҚКБ бастығы:

 -Бұрын героин есірткісін қабылдаған нашақорлар, қазір қолға тиімді және арзан тұратын дезоморфинге көшіп отыр. Сондай-ақ бізді пайда болған есірткінің жаңа түрі алаңдатуда.

Бүгінгі күні облыстық наркологиялық орталықта «нашақор» деген диагнозбен тіркеуде тұрған азаматтар саны 949. Анатолий Выборов есірткі тасымалына тосқауыл қойып, сананы улайтын заттарды өңір аумағына енгізбеуін қатаң қадағалау керек деді.

Анатолий Выборов, ҚР ІІМ ЕБҚКК төрағасы:

– 500 нашақор болса, күніне сонша грамм есірткі қажет. Есептей беріңіз, 10 күнде 5 келі. Ал оларға жылына 100 келіден артық наша керек. Сондықтан біз нашақорлықтың тамырына балта шабуымыз керек.

Жұмыс сапары барысында Анатолий Выборов СҚО ІІД кинология орталығы мен одорология лабораториясының жұмысымен танысты.