Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астанадағы жәрмеңке

Жерлестеріміз сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 27 түрін жайып салған. Бағасы әдеттегіден 15 пайызға төмен. Әсіресе ет өнімдеріне деген сұраныс жоғары.

 

Тіпті қасапшылар мүшелеп үлгермей жатты. Сиыр еті мұндай 800 теңгеден, қой етінің келісі 850-ден саудаға түсті. Картоптың келісі 35 теңгеден айналса, жұмыртқа 140-тан, сүт 130 теңгеден сатылды. Таң атысымен жәрмеңкеге ағылған халықтың қарасы қалың. Тіпті кей жерлерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Өйткені аққайыңдар өлкесінен жеткізілген өнімнің бағасы қалта қақпайды. Мұны пайдаланған елордалықтар қысқа қамданып жүр.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
-Осылайша, облыстың 20 жылда жеткен жетістіктеріне астаналықтар да куә болды. Сондай-ақ, облыстың өнер ұжымдары Бейбітшілік және келісім сарайында өлкеміздің мәдени табыстарын паш етті.

Гүлмира Шоқтыбаева