Бизнес және экономика

Қаржы институттары тәуелсіздік жылдарында

 

Қазақстан банктерінің тарихы осыдан 140 жыл бұрын басталған екен. Еліміздегі алғашқы қаржы институты Петропавлда ашылыпты. Алайда банктердің қарқынды дамып, өз бетінше жұмыс істеуі  егемендігімізді паш еткен жылдардан басталды. Табысты 20 жылда Ұлттық банктің алтын- валюта қорының өсуі теңгенің тұрақталуына ықпал етті

Жомарт Қажырахымов,  ҚР Ұлттық Банкі СҚОФ директоры:
-Жыл басынан долларға шаққандағы теңгенің бағасы 0,3-ақ процент төмендеген екен. Мен ойлаймын бұл экономиканың дамуындағы сондай үлкен көрсеткіш емес, ал евро мен Ресей рубліне келсек, біздің теңге кішкене өскен. Алдыңғы уақытта да теңге тұрақты болады деген ойдамыз, өйткені бұл Ұлттық банктің алдына қойған мақсаты.

Тәуелсіз 20 жылда азаматтар да банктерге үлкен сеніммен қарай бастаған көрінеді. Салымшылардың саны жыл санап артып келеді. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіштің 27-30 пайызға өсуі осыған дәлел болып отыр. Несие алуға ниет білдіретіндердің де қатары қалыңдап келеді,-  дейді Жомарт Қажырахымов.

Жомарт Қажырахымов,  ҚР Ұлттық Банкі СҚОФ директоры:
– Жыл басынан банктегі қаржылар, несиелік қаржы 13 процентке өскен екен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 13 проц көп. Ал Қазақстанда несиесінің өсуі 2-ақ процент болып отыр. Жыл басынан біздің банктер 45 млрд теңге несие берген екен. Қуаныштысы соның 31 млрд теңгесі шағын, орта бизнеске бағытталған.

2007-2010 жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген елдердің экономикасының дамуын тежеген болатын. Ал мемлекеттің үлкен қолдауына ие болған еліміздің банктері бұл сыннан сүрінбей өтіпті.

Жомарт Қажырахымов,  ҚР Ұлттық Банкі СҚОФ директоры:
-Ұлттық қорды дұрыс пайдаланып, мемлекетіміз, Президентіміздің құрған жоспары арқасында біз одан жақсы өттік деп ойлаймын. Өйткені ұлттық қордан біз 10 млрд долларды қаржылық дағдарысты өтуге жұмсаған болатынбыз.Олардың барлығы уақытша беріліп, сол ақшалар барлығы дерлік үкіметке қайтып келді.

Кеден одағының құрылуы осы елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне әкеліпті. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бұл көрсеткіш 40 пайызға көбейген. Экспорттайтын өнімнің көлемі артты. Осындай оң өзгерістердің барлығы ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.

Айдана Демесінова