Қоғам

«Халық дауысы»

 «Халық дауысы» акциясы – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезекті тың бастамасы. Оның аясында ел көлемінде бір ай бойы халықтың ұсыныстары мен өтініштері жиналады. Акцияға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін арнайы бюлетень  толтыру қажет. Үнпарақта тұрғындар өздерінің ұсынысын, немесе нақты мәселені көрсету мүмкіндігіне ие. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері олардың ешбірінің назарсыз қалмайтынын алға тартады.

Виктор Молодовский, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
-Халықтың ұсыныстарын жинау үшін қоғамдық орындарда арнайы урналар орнатылды. Акцияға қатысқысы келетін тұрғындарға сауалнама таратылады. Соныман қатар интернет арқылы да өтініштер жиналатын болады. Мақсатымыз – халықпен қарым-қатынасты нығайту, өзекті мәселелерді анықтау болып отыр. Халықтан түскен ұсыныстарды алдағы жұмысымызға бағыт-бағдар етіп алмақпыз.

Өткен жылы осы сынды «Отандастар» шарасы аясында 200 мыңға жуық солтүстікқазақстандық өз ұсыныс-өтініштерін білдірген. Жұртшылық биылғы акцияға да белсенді қатысады деген үмітте нұротандықтар. Өз кезегінде өңір тұрғындары “Халық дауысы” акциясына қатысуға дайын екендіктерін айтады. Осылайша ел дамуына өз үлестерін қоспақ ниетте.

 -Мұндай акциялар қажет деп ойлаймын. Халықтың ұсыныстары көп. Айтар проблемалары да жетерлік. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, өз мәселемді жеткізбек ойдамын.
-Мен жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасымын. Бізде мәселе көп. Бұл акция оларды шешуге көмектеседі деген үміттемін.

Бюллетеньдердің алғашқы партиясы қойылған стендтер «Нұр Отан» партиясының филиалында, үшінші қалалық емхана, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де және барлық аудандарда орнатылған. «Халық дауысы» акциясы екі кезеңде өткізілмек: қазанның онынан қарашаның онына дейін ұсыныстар мен өтініштер жиналып, өңделеді. Ал бұдан кейін нұротандықтар халықтан түскен ұсыныстарды талқылап, соның негізінде партия жұмысын жетілдірудің амалдарын қарастырады. Сөйтіп аталмыш науқанның қорытындысы – партияны әрі қарай модернизациялаудың және Елбасы қойып отырған мақсат-міндеттерді орындаудың оңтайлы жолдарын табуға тың серпін береді деген сенімде нұротандықтар.

Айымгүл Әбілева