Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қалалық мәслихат сессиясы

Облыстық қазынадан бөлінген трансферттердің қысқартылуына және бюджеттік бағдарламаларға бағытталған қаржыны қайта бөлуге байланысты 2011-2013 жылдардағы қала бюджеті нақтыланып отыр. Облыстық бюджеттен қарастырылған трансферттер 133 млн. 925 мың теңгеге азайған. Сондай-ақ қалалық бюджеттің шығыс бөлігі қайта бөлінген. Бұл – 72 млн. 471 мың теңге.

Шынар Бәшірова, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы:
-Қаржы бөлімінде “коммуналдық меншікке өткен мүлікті сату, бағалау сақтау және есепке алу” бағдарламасы бойынша 899 мың теңгеге шығын азайтылған. Бұл қаржы өзге бағдарламаларға бағытталып отыр. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бірқатар бағдарламалар бойынша 10 млн. 647 мың теңгеге шығын қысқартылды. Ал тұрғын үй көмегіне қосымша 7 млн. теңге бағытталып отыр.

Сонымен қатар білім бөліміндегілер түрлі байқауларға қарастырылған бюджеттік қаржыны қысқартуды жөн көрген. Енді 10 млн. теңгеден артық қаражат балабақшаларды жөндеуге және аулалық клубтардың қажетіне бағытталмақ.

Шынар Бәшірова, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы:
-Құрылыс бөлімінде үнемдеу нәтижесінде шығын 6 млн. 328 мың теңгеге қысқарған. Оның ішінде “Тұрғын үй алу” бағдарламасы бойынша – 3 млн. 697 мың теңге, “Сумен қастамасыз ету жүйесін дамыту” бағдарламасы бойынша – 2 млн 631 мың теңге қысқартылды. Бұл қаражат өзге бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталады. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміндегілер бірқатар бағдарламалар бойынша 44 млн. теңге көлемінде шығынды азайтқан.


Е
нді бұл қаражат көшелерді жарықтандыруға, абаттандыру жұмыстары мен көгалдандыруға,   жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Бұл мәселе бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларында жете қаралғандықтан, сессияда депутаттар жобаны бірден мақұлдады.

Айымгүл Әбілева