Спорт

Каратэшілер жекпе-жегі

Жекпе -жектен ұйымдастырылған ашық облыстық турнирге 100 – ге тарта каратэші қатысты. Олар жеке және топтық құрамда ката – кумитеден күш сынасты.

Асхат Сақыпкереев, СҚО каратэ федерациясының президенті:

 

 

-Облыстық жекпе- жек турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын додалардың бірі. Бұл жолғы жарысқа қатысып жатқан спортшылардың дайындықтары жоғары деңгейде. Осы дода қорытындысы бойынша қараша айында Теміртауда өтетін республикалық жарысқа спортшыларды іріктемекпіз .

10 – 11 жас аралығында тартысқа түскен Мырзахмет Амандаков бұл спорт түрімен 6 жылдан бері айналысып келеді. Бірінші санаттаға спортшы облыс құрамасындағы мықты каратэшілердің қатарында.

Мырзахмет Амандаков, каратэші:

-Маған бұл спорт түрі ұнайды. Өз өзіңді қорғау үшін қажет. Мен Алматы және Талдықорған қалаларына барып бірінші және екінші орынды алдым.

Спорт шеберлігіне кандидат, каратэдан Қазақстан чемпионы Ольга Кожемякина да бұл сайыста жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жекпе – жекте және топтық құрамда намысты қолдан бермеді.

Ольга Кожемякина, каратэші:

-Омбы облысынан келген үш қызбен күрестім. Нәтиже көңілімнен шықты. Екі алтын мен бір күмісті жеңіп алдым. Қарсыластарыммен күш сынасу оңайға соқпады. Себебі олардың дайындықтары да жақсы. Бірақ, намысты қолдан бермеу үшін бар ынтамды салдым.

Облыстық турнирға келген меймандар жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатқандығын айтады.

Владимир Харченко, «Скорпион» каратэ командасының жаттықтырушысы. Омбы қаласы:

-Турнирге 27 каратэшімізді әкелдік. Жарыстың бірінші күнінде сынға түскен спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Облыстық дода жақсы ұйымдастырылған. Төрешілер де әділ бағалауда.  

Екі күн бойына өткен жарыстың қортындысы бойынша жергілікті команда  9 алтын еншілеп – бірінші орыннан көрінсе, астаналықтар 7 алтынмен екінші орынға табан тіреді. Теміртау мен Омбы қаласынан келген құрама үшінші орынды өзара бөлісті.