Спорт

Халықаралық жарыстан – қола медальмен

  

 

 

 

 Ресейдің Рубцовск қаласында өткен 10- халықаралық “Сібір- Азия” турнирінде облыс намысын 8 спортшы қорғады. Жерлес каратешілердің жетістігі қуантарлық.. Аталмыш жарысқа екінші мәрте қатысқан Александра Жангазина бұл жолы да қола жүлдемен оралды. Оның бұл спорт түріне ден қойғанына 5 жыл болыпты.

Александра Жангазина, жарыс жүлдегері:
-«Сібір – Азия» ойындары өзінің мықтылығымен ерекшеленетін чемпионат. Себебі, қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде. Қарсыластарым да мықты болды. 12 мен 13 жас аралығында 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үш кездесу өткіздім.
Нәтижем көңілімнен шықты. Енді, желтоқсанда Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатқа дайындықты бастап кеттім.

Дүбірлі додада Қазақстан, Ресей, Азия елінің спорт шеберлері бақтарын сынады. Барлығы 600-ге тарта спортшы. 44 команданың ішінде жерлес каратешілердің көрсеткіштері жаман емес.

Николай Витченко, “Кекушинкай каратэ ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры:

-Мен төрешілер қатарында болғандықтан, жарыстың жоғары деңгейде өткендігіне көз жеткіздім. Александраның үшінші орынға қол жеткізуі біз үшін үлкен қуаныш. Бүгінде облыс бойынша кекушинкай каратэмен 800 – ге жуық спортшы айналысуда. Олардың басым бөлігі «Импульс» жеткіншектер клубында жаттығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Алдағы уақытта спортшылар Жапонияда өтетін халықаралық додада ел намысын қорғамақ.